Материалдарды жіберу


Материалды жіберу үшін сізге Кіру немесе Тіркелу қажет.

Материалды редакцияға жіберер алдындағы дайындық тізімі

Жіберу процесінің бөлігі ретінде авторлар олардың ұсыныстары келесі тармақтардың барлығына сәйкес келетінін тексеруі керек, ал егер олар осы талаптарға сәйкес келмесе, авторларға қайтарылуы мүмкін.
  • Материалды жіберуге дайындаудың бақылау тізімі
    Eurasian Physical Technical Journal журналында мақаланы жариялау авторлардың зерттеу жұмысының сапасы мен оларды қолдайтын мекеменің беделінің тікелей көрінісі болып табылады. Жарияланымға түпнұсқалы зерттеу мақалалары, сонымен қатар іргелі және техникалық физика бойынша өзекті мәселелерді аналитикалық сипаттайтын шолу мақалалары қабылданады.
    Авторларға ғылыми жаңалығы мен практикалық құндылығы бар мақалаларды мұқият оқып, тексергеннен кейін жіберуге шақырамыз. Мақаланы жібермес бұрын мақаланың материалы құрылымдалғанына және талаптардың барлық төмендегі пунктеріне сәйкес келетініне көз жеткізген жөн. Егер мақалалар бұл талаптарға сәйкес келмесе материалдар қабылданбайды және авторларға қайтарылады.
    Мақаланың ғылыми тақырыбы мен мазмұнына қойылатын талаптар
    Ғылыми мақалада бұрын жарияланбаған және басқа басылымдарда жариялауға арналмаған зерттеулердің түпнұсқалық нәтижелері қамтылуы тиіс. Мақаланың түпнұсқалылығы 75% -дан кем болмауы тиіс.
    «Eurasian phys. tech. j.» журналында техникалық физиканың 4-ші ғылыми бағыты бойынша ағылшын тілінде мақалалар жарияланады: Energy; Engineering; Materials Science; Physics and Astronomy. Корреспондент-Автор мақала жарияланатын журнал бөлімін көрсетуі қажет.
  • Мақаланың құрылымы мен дизайны
    Мақаланың қолжазбасы құрылымдалған және келесілерді қамтылған болуы тиіс:

    • Мақаланың тақырыбы:

    • бөлек жолмен, сол жақта UDC индексі жазылады. Бастапқыда журналдың ISSN физика бойынша тіркелген, сондықтан алдымен 53 Физика бөлімшелеріне сәйкес индексті таңдап жазыңыз, қажет болған жағдайда басқаларын қосыңыз, https://en.wikipedia.org/wiki/Universal Decimal Classification

    • мақаланың атауы,

    • авторлар туралы ақпарат (тегі және аты-жөні),

    • авторлардың аффилиациясы, яғни негізгі жұмыс орны – ЖОО-ның немесе ғылыми-зерттеу мекемесінің атауы, қала, ел;

    • мақаланы жариялауға ұсынатын автор-корреспонденттің* e-mail.


    Аннотация кем дегенде 5-6 сөйлемнен құрылады, бірақ 200-250 сөзден аспауы тиіс, аннотацияда формулалар, қысқартулар және сілтемелер келтірілмейді. Аннотацияда зерттеудің өзектілігі мен мақсатын, зерттеу нысаны мен әдістерін, негізгі нәтижелер мен қорытындыларды қысқаша сипатталады.
    Кілт сөздері: 3-тен кем емес, бірақ 10-нан аспайтын негізгі терминдер немесе қысқа сөз тіркестері, формулалар мен қысқартулар келтірілмейді.
    Мақаланың мәтінін құрылымдық бөліктерге бөлу қажет: Кіріспе, Негізгі бөлім (Теориялық бөлім, Зерттеу объектісі, Материалдар және/немесе зерттеу әдістемесі, Эксперимент / есептеу техникасы), Нәтижелер мен талқылау, Қорытынды (негізгі нәтижелерді тұжырымдау; нәтижелерді берілген тақырып бойынша бар мәліметтермен салыстыру; нәтижелердің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын бағалау, оларды қолданудың ықтималды перспективалары).
    CRediT author statement мәлімдемесі. SCOPUS мәліметтер базасында индекстелетін басылымдарға қойылатын талаптарға сәйкес, егер бірнеше автор болса, Elsevier - дің ұсыныстарын қолдана отырып, әр автордың мақаланы дайындауға қосқан үлесін қысқаша көрсету қажет. - https://www.elsevier.com/researcher/author/policies-and-guidelines/credit-author-statement (тек қажетті опцияларды жазыңыз).
    Алғыс, қаржыландыру әдебиеттер тізімінің алдында беріледі.
    Әдебиеттер: бүкіл сілтемелер мәтінде қолданылуына қарай нөмірленуі тиіс ([1], [2-4]) және мақаланың соңында нөмірлердің өсу ретімен тізімделуі қажет. Өзін-өзі дәйексөз алу пайызы, яғни бүкіл авторлардың жарияланымдарына сілтемелер 25% - дан аспауы тиіс.
    Библиографиялық тізім талаптарға сәйкес жасалады:

    • Кітаптар, диссертациялар, патенттер: барлық авторлардың тегі мен аты-жөні. (басылып шыққан жылы). Кітаптың атауы курсивпен. Баспа және / немесе қала, беттердің жалпы саны. Жарияланымға URL.

    • Журналдар, мақалалар жинақтары, конференция материалдары: барлық авторлардың тегі мен аты-жөні. (жарияланған жылы). Мақаланың атауы. Журнал атауы курсивпен (қысқартылған атауын қолдануға болады). Том, шығарылым нөмірі, "басталу және аяқталу" беттері (pp. … - ….), мақаланың Doi немесе жарияланымға URL.

    • Ғаламтор сілтемелерінде авторлар, тақырып, URL (күн) көрсетілуі қажет.


    Авторлар журнал атауларының стандартты қысқартуларымен ұсына алады. APA style библиографиялық сілтемелер форматын пайдаланыңыз.
    Ғылыми мақаланың көлемі, библиографияны қоса алғанда, Microsoft Word редакторында компьютерде терілген кестелерді, формулаларды, суреттерді (10-нан аспайтын) және әдебиеттер тізімін (35 атаудан аспайтын) қоса алғанда, мәтіннің 10 бетінен аспауы тиіс. Шолу мақаласының көлемі 20 беттен аспауы тиіс, оның ішінде суреттер саны 15-тен артық емес және әдебиеттер тізімі 45 атаудан артық болмауы тиіс.
    Бүкіл қысқартулар, стандартты және жалпы қабылданған аббревиатураларды қоспағанда, мәтінде бірінші рет қолданылған кезде толық жазылуы тиіс.
    Мақаладағы теңдеулер мен формулалар Microsoft Equation Editor немесе MathType редакторларының көмегімен жазылуы қажет.
    Кестелер нөмірленген және атауы бар, мәтінге енгізілуі керек (Times New Roman, өлшемі – 10 пт) немесе мақаланың соңында қосымша ретінде ұсынылуы керек.
    Кестелер нөмірленген және атауымен жазылуы тиіс, мәтінге енгізілуі қажет (Times New Roman, өлшемі – 10 пт) немесе мақаланың соңында қосымша ретінде ұсынуға болады.
    Иллюстрациялар, суреттер, графиктер айқын және анық болуы қажет, тікелей көшіруге жарамды цифрлық түрде дайындалуы тиіс. Суреттер жеке парақтарға жүктеледі және / немесе мәтінге енгізілуі мүмкін.
    Мақала мен барлық құжаттама 1-ші автордың атымен белгіленуі тиіс: Akhmetov AA_et al_paper; Akhmetov AA_et al_fig.1; Akhmetov AA_et al_Cover letter; …
    Мақала мәтіні Шаблон бойынша форматта берілуі тиіс (қаріп - Times New Roman, өлшемі - 11 пт; шегініс - 0,8 см, жоларалық интервал - бір; туралау - ені бойынша), Шаблонға сілтеме
  • Міндетті файлдар мен құжаттар тізімі
    Тіркелуден кейін журнал сайтына келесі файлдарды жүктеу қажет:

    1. Microsoft Word форматында мақаланың мәтіні, суреттермен беруге болады (*.doc);

    2. Суреттер (fig, jpg, fig2. pcx, …);

    3. Суреттердің атаулары (*.doc);

    4. Ілеспе хат. Ілеспе хат университеттің, ғылыми-зерттеу институтының немесе ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға лицензиясына ие ұйымның ілеспе хаты ресми бланкіде ресімделіп, ұйымның мөрімен куәландырылуы тиіс. Бұл хатпен басшылық мақаланың материалдары (мақаланың атауы мен авторлардың тегі ағылшын тілінде жазылуы тиіс) авторлар алған нәтижелер негізінде мемлекеттік немесе коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қамтымайтынын және мақала ашық баспасөзде жариялауға болатынын растайды. Авторлар қол қойылған ілеспе хаттың pdf форматында көшірмесін журналдың сайтына жүктеуі тиіс. Ілеспе хаттың негізінде - Conflict of interest statement авторлардың мүдделер қақтығысының жоқтығы туралы мәлімдемесі жасалады.

    5. Мақала туралы мәліметтер: Авторлардың тегі мен аты-жөні, мақаланың атауы, аннотация, кілт сөздері. Қазақстанның авторлары бұл мәліметтерді ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде ұсынады.



    1. Әрбір автор туралы мәліметтер: авторлардың толық аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс немесе оқу орны, ұйымның атауы, қаласы, елі; SCOPUS Author ID, және міндетті түрде ORCID ID; байланыс мәліметтері (электрондық пошта, телефон).

    2. Төлем туралы түбіртек: авторлар мақаланы жариялау үшін редакциядан рецензенттердің оң шешімі туралы ақпарат алғаннан кейін ғана төлеуі қажет, төлем туралы ақпаратқа сілтемесі.


Журнал бөлімдері


Құпиялық туралы мәлімдеме

Электронды журналға енгізілген атаулар мен электрондық пошта мекенжайлары тек қана осы журналда айқындалған мақсаттар үшін ғана пайдаланылады

Loading...