ЭЛЕКТРПИННИНГ ӘДІСІМЕН ПОЛИАКРИЛОНИТРИЛ НЕГІЗІНДЕ КӨМІРТЕКТІ НАНОТАЛШЫҚТЫ АЛУ.
DOI:
https://doi.org/10.31489/2020No1/35-38Кілт сөздер:
электроспиннинг, наноталшықтарполиакрилонитрил, диметилформамид, сканерлеушіэлектронды микроскопия.Аңдатпа
"Көміртекті наноталшықтар жоғары меншікті беті бар үздіксіз армирлеуге ие болғандықтан, оларды төмен бағада және көп мөлшерде алуға болады, олар дәстүрлі көміртекті нанотүтіктермен салыстырғанда тиімді. Осы жұмыстың негізгі мақсаты полимерлік ерітінді арқылы электроспиннинг әдісімен алынған полиакрилонитрилді (ПАН) негізін құрушы ретінде пайдалана отырып, көміртекті ПАН талшықты өңдеу болып табылады. Мақалада электроспиннинг әдісімен ПАН-талшықтары алынғаны және олардың сипаттамасы, ПАН-наноталшықтарын орау арқылы көміртекті нанотүтіктерді одан әрі дамыту туралы хабарланады. Көміртекті нанотүтіктердің негізін құрушы ретінде алынған диаметрі 100-500 нм диапазонында болатын ПАН-наноталшықтары ПАН/ДМФ ерітіндісінде электроспиннинг әдісімен алынды. Түзуленген наноталшықтар 250°C температурада 1 сағат бойы ауада тұрақтандырылды. Сондай-ақ аргон газының атмосферасында 600-ден 900ºC-қа дейінгі диапазонда карбонизацияның соңғы температурасын өзгерту арқылы көміртектендірудің бірнеше процедуралары зерттелді, және көміртекті наноталшықтар 700ºC температурада және 1 сағатта сәтті алынды. Тұрақтандырылған және көміртектендірілген ПАН-наноталшықтарының морфологиясы сканерлеуші электронды микроскопия (СЭМ) әдісімен зерттелді. СЭМ көмегімен алынған нәтижелер тұрақтандырылған және көміртектендірілген ПАН-наноталшықтарының орташа диаметрі айтарлықтай азайғанын көрсетті. "
References
"1 Li D., Wang Y., Xia Y. Electro spinning nanofibers as uniaxially aligned arrays and layer by-layer stacked films. Adv. Mater. 2004, Vol. 16, No. 4, pp. 361 – 366.
Teo WE., Ramakrishna S. A review on electrospinning design and nanofibre assemblies. Nanotechnology, 2006, Vol. 89, pp. 395 – 407.
Fang J., Zhang Li, Sutton D., Wang X., Lin T. Needleless Melt-Electrospinning of Polypropylene Nanofibres. Journal of Nanomaterials. 2012, Vol. 2012, pp. 1 – 9.
Chen D., Liu T., Zhou X., Chauhari W., Tjiu H. How Electrospinning Fabrication of High Strength and Toughness Polyimide Nanofiber Membranes Containing Multiwalled Carbon Nanotubes. Physical chemistry. 2009, Vol. 113, No. 29, pp. 9741 – 9748.
Lyons J., Ko F. Melt Electrospinning of Polymers: A Review. The Polymer Science Monthly. 2005, Vol. 30, No. 6, pp. 170 – 178.
"