Сакипова Сауле Еркешевна
Бас редактор
Камбарова Жанар Турсыновна
Техникалық редактор
Кіріспе
1.1. Рецензияланатын журналдарда материалдарды жариялау ғылыми коммуникацияның қарапайым тәсілі ғана емес, сонымен бірге ғылыми білімнің тиісті саласының дамуына айтарлықтай үлес қосады. «Eurasian Physical Technical Journal» журналы үшін барлық қатысушы тараптардың, атап айтқанда: Авторлардың, журнал Редакторларының, Рецензенттердің, Баспаның және Баспагердің Ғылыми қоғамның (Университет) болашақ этикалық тәртіп стандарттарын белгілеу маңызды.
1.2. Редакциялық алқа және Баспагер ғылыми байланыстарды қолдап қана қоймай, бұл үдеріске инвестиция салып, жарияланған жұмыстағы барлық заманауи ұсыныстардың сақталуына жауапты.
1.3. Баспагер ғылыми материалдарды қатаң қадағалауды жүзеге асыруға міндеттенеді. Сайттың қызмет көрсету опциялары мен журнал бағдарламалары ғылыми ой мен зерттеулердің дамуын бейтарап "есеп" ретінде ұсынады, сондықтан біз бұл "есептерді", әсіресе бұл құжатта көрсетілген жарияланымдардың этикалық аспектілері тұрғысынан дұрыс ұсыну бойынша жауапкершілікті түсінеміз.
1.4 Генеративтік жасанды интеллектіні қолдану туралы. Eurasian Physical Technical Journal журналдың баспа саясаты Elsevier-мен белгілеген журналдар үшін генеративтік жасанды интеллект (ЖИ) саясатын ұстанады (авторлар, рецензенттер және редакторлар үшін мақалаларды жазу, рецензиялау және редактірлеу процесінде генеративтік ЖИ қолдану саясаты). Ережелер туралы толық ақпарат пен қосымша мәліметтерді Elsevier-дің ресми сайтынан келесі сілтеме бойынша табуға болады: Generative AI Policies for Journals https://www.elsevier.com/about/policies-and-standards/generative-ai-policies-for-journals
2.1. Жариялау туралы шешім
2.1.1 Eurasian Physical Technical Journal халықаралық ғылыми журналының редакторы жариялау туралы шешімді дербес және тәуелсіз түрде қабылдауға жауапты және де жиі баспагердің Ғылыми қоғамымен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Қарастырылып отырған жұмыстың шынайылығы мен оның ғылыми маңыздылығы әрқашан жариялау туралы шешімнің негізі болуы тиіс.
2.1.2 Редактор Eurasian Physical Technical Journal редакциялық саясатты басшылыққа алып, жала, авторлық құқық, заңдылық және плагиатқа қатысты қолданыстағы заң талаптарымен шектеледі.
2.1.3 Редактор жариялау туралы шешім қабылдау барысында басқа Редакторлармен және рецензенттермен (немесе Ғылыми қоғамның лауазымды тұлғаларымен) кеңесе алады.
2.1.4 Редактор, редакциялық алқа мүшелері және академик Е.А. Бөкетов атындағы университет баспасының қызметкерлері ғылыми жарияланымдардың жоғары сапасын қамтамасыз ету, баспа қызметіндегі адал емес тәжірибелерге, мысалы, жалған ақпаратты пайдалану, деректерді бұрмалау және т.б. жол бермеу, сондай-ақ ғылыми жетістіктердің қоғам тарапынан мойындалуын қамтамасыз ету үшін Ғылыми жарияланымдар этикасы комитетінің (COPE) ғылыми этика қағидаттарын, стандарттары мен нормаларын сақтауға және осындай бұзушылықтардың алдын алу шараларын қабылдауға міндеттенеді.
2.2. Әдептілік
2.2.1 Редактор қолжазбалардың зияткерлік мазмұнын Авторлардың нәсіліне, жынысына, сексуалдық бағдарлығына, діни көзқарастарына, шығу тегіне, азаматтығына немесе саяси ұстанымдарына қарамастан бағалауы тиіс.
2.2.2 Eurasian Physical Technical Journal редакциялық алқасының мүшелері ғылыми этиканың қағидаттарын, стандарттары мен нормаларын, сондай-ақ Ғылыми жарияланымдар этикасы комитетінің (COPE) талаптарын бұзбауға міндеттенеді. Ғылыми этиканың қағидаттары, стандарттары мен нормалары бұзылған жағдайда, журналдың редакциялық алқасы COPE комитетінің стандарттарына сәйкес әрекет етуге міндетті.
2.3. Құпиялылық
2.3.1 «Eurasian Physical Technical Journal» журналының Редакторы мен Редакциялық алқасы Авторларды, Рецензенттерді, ықтимал Рецензенттерді, басқа да ғылыми консультанттар мен Баспагерлерді қоспағанда, қабылданған қолжазба туралы ақпаратты басқа тұлғаларға қажетсіз жария етпеуге міндетті.
2.3.2 Қарастыруға ұсынылған қолжазбалардан алынған жарияланбаған деректерді Автордың жазбаша келісімінсіз жеке зерттеулерде пайдалануға болмайды. Рецензиялау барысында алынған және ықтимал артықшылықтармен байланысты ақпарат немесе идеялар құпия сақталуы тиіс және жеке пайда табу мақсатында пайдаланылмауы қажет.
2.4. Ашықтық саясаты және мүдделер қақтығысы
2.4.1 Қарастыруға ұсынылған қолжазбалардан алынған жарияланбаған деректерді автордың жазбаша келісімінсіз жеке зерттеулерде пайдалануға болмайды. Рецензиялау кезінде алынған және мүмкін болатын артықшылықтармен байланысты ақпарат немесе идеялар құпия сақталуы және жеке пайда алу мақсатында пайдаланылмауы тиіс.
2.4.2 Бәсекелестік мүдделер, мүдделі тараптардың қатысуы, сондай-ақ авторлармен, компаниялармен және мүмкін басқа да факторлармен байланысты өзара әрекеттестіктер мен байланыстар анықталған жағдайда Редактор қолжазбаны қарастырудан бас тартуы тиіс (немесе шешімді жеке қабылдаудың орнына қосымша редакторды, редактордың көмекшісін тартуды немесе Редакциялық алқаның басқа мүшелерімен ынтымақтасуы қажет).
2.5. Жарияланымдарды бақылау, зерттеулерге қатысу және ынтымақтастық
2.5.1 Жарияланымда келтірілген мәлімдемелер немесе қорытындылардың қате екендігіне сенімді дәлелдер ұсынған Бедактор, өзгерістер енгізу, жарияланымды қайтарып алу, алаңдаушылық білдіру және жағдайға сәйкес басқа да әрекеттер туралы жылдам хабарлау мақсатында бұл туралы Баспагерге (және/немесе Ғылыми қоғамға) хабарлауы тиіс.
2.5.2 Редактор Баспагермен (немесе Ғылыми қоғаммен) бірлесе қарастырылған қолжазбаларға немесе жарияланған материалдарға қатысты этикалық талаптар туындаған жағдайда тиісті жауап шараларын қолданады. Мұндай шаралар қолжазба авторларымен өзара әрекеттесуді және тиісті шағым немесе талап аргументтерін қамтиды, бірақ сонымен бірге тиісті ұйымдармен және ғылыми орталықтармен өзара әрекеттесуді білдіруі мүмкін.
3.1. Редакциялық алқа шешімдеріне әсер ету
Рецензиялау редакторға жариялау туралы шешім қабылдауға және авторлармен тиісті өзара әрекеттесу арқылы Авторға жұмыстың сапасын жақсартуға көмектеседі. Рецензиялау – ресми ғылыми коммуникациялардың қажетті бөлігі болып табылады. Баспагер жариялауға үлес қосқысы келетін барлық ғалымдардың қолжазбаларды рецензиялауға маңызды еңбек салулары тиіс деген көзқарасты ұстанады.
3.2. Орындаушылық
Қолжазбаны қарастыруға біліктілігі жеткіліксіз деп сезінетін немесе қолжазбаны қарастыру үшін жеткілікті уақыты жоқ белгіленген Рецензент «Eurasian Physical Technical Journal» журналының редакторына хабарласып, оны тиісті қолжазбаны қарастыру процесінен шығарып тастауды сұрауы тиіс.
3.3. Құпиялылық
Рецензиялау үшін алынған кез-келген қолжазба құпия құжат ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл жұмысты редактордың өкілеттігі жоқ тұлғаларға ашуға және олармен талқылауға болмайды.
Рецензиялау үшін алынған кез келген қолжазба құпия құжат ретінде қаралуы тиіс. Осы жұмысты Редактордің өкілеттілігі жоқ тұлғалармен ашуға және талқылауға болмайды.
3.4. Қолжазбаға қойылатын талаптар және объективтілік
Рецензент объективті баға беруге міндетті. Авторға қатысты жеке сындар қабылданбайды. Рецензенттер өз пікірлерін нақты және дәлелді түрде білдіруі тиіс.
3.5. Бастапқы дереккөздерді тану
Рецензенттер тақырыпқа сәйкес және қолжазбаның библиографиясына енгізілмеген маңызды жарияланған еңбектерді анықтауы тиіс. Бұрын жарияланған кез-келген мәлімдемеге (бақылау, қорытынды немесе дәлел) қолжазбада тиісті библиографиялық сілтеме болуы қажет. Сонымен қатар рецензент қарастырылып отырған қолжазба мен рецензенттің ғылыми құзыреті саласына кіретін кез келген басқа жарияланған жұмыс арасындағы елеулі ұқсастықты немесе сәйкестікті анықтау бойынша Редактордың назарын аударуы тиіс.
3.6. Ашықтық саясаты және мүдделер қақтығысы
3.6.1 Қарастыруға ұсынылған қолжазбалардан алынған жарияланбаған деректерді автордың жазбаша келісімінсіз жеке зерттеулерде пайдалануға болмайды. Рецензиялау барысында алынған және ықтимал артықшылықтармен байланысты ақпарат немесе идеялар құпия сақталуы және жеке пайда алу мақсатында пайдаланылмауы тиіс.
3.6.2. Рецензенттер ұсынылған жұмыспен байланысты кез келген авторлармен, компаниялармен немесе басқа ұйымдармен бәсекелестік, бірлескен және басқа да өзара әрекеттесулер мен қарым-қатынастар салдарынан мүдделер қақтығысы болған жағдайда қолжазбаларды қарастыруға қатыспауы тиіс.
4.1. Қолжазбаларға қойылатын талаптар
4.1.1 Түпнұсқалы зерттеу туралы баяндаманың авторлары орындалған жұмыстың сенімді нәтижелерін және зерттеудің маңыздылығын объективті талқылауын ұсынуы тиіс. Жұмыстың негізінде жатқан бүкіл деректер қателіктерсіз ұсынылуы қажет. Жұмыс мүмкін қайта жаңғырту үшін жеткілікті мәліметтер мен библиографиялық сілтемелер қамтуы тиіс. Жалған немесе әдейі қате мәлімдемелер этикалық емес тәртіп ретінде қарастырылады және қабылданбайды.
4.1.2 Авторлар жұмыстың бұған дейін еш жерде жарияланбағанын және қазіргі уақытта басқа жариялауға қарастырылмайтынын, сондай-ақ мақаланың бүкіл авторлары оның мазмұнының дәлдігіне жауапты екенін растайды.
4.1.3. Автoрлар «Eurasian Physical Technical Journal» журналының авторлық құқықты беру саясатына келіседі, бұл дегеніміз, авторлық құқықтың күшінде болған мерзім ішінде журналға әлем бойынша мақаланы өндіру, жариялау, электрондық түрде тарату және онымен басқару бойынша ерекше құқық беріледі.
4.1.4. Авторлар «Eurasian Physical Technical Journal» журналына мақала материалының ешқандай жағдайда қолданыстағы авторлық құқықтарды бұзбайтынын, оның ешқандай өсек-аяң немесе заңсыз мазмұнды қамтымайтынын және басқа тұлғалардың құқықтары мен жеке өмірінің сақталуын бұзбайтынын кепілдік береді.
4.1.5 Авторлар «Eurasian Physical Technical Journal» журналды мақаланың авторлығы немесе мақаланы жариялау құқығына қатысты үшінші тұлғалардың кез келген талаптарынан қорғауға міндетті.
4.2. Деректерге қолжетімділік және олардың сақталуы
Авторлардан қолжазбаға қатысты өңделмеген деректер сұралуы мүмкін, олар редакторлар тарапынан рецензиялау үшін қажет. Егер мүмкін болса, авторлар осындай ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз етуге дайын болуы тиіс (A ALPSP-STM Statement on Data and Databases сәйкес) және жариялаудан кейін де жеткілікті уақыт бойы осы деректерді сақтауға міндетті.
4.3. Түрнұсқалылық және плагиат
4.3.1 Авторлар ұсынылған жұмыстың толықтай түпнұсқа екендігіне көз жеткізуі тиіс, және егер басқа авторлардың еңбектері немесе тұжырымдары қолданылса, сәйкес библиографиялық сілтемелерді немесе үзінділерді ұсынуы қажет.
4.3.2 Плагиат көптеген формада болуы мүмкін: біреудің жұмысын өз еңбегі ретінде көрсету, біреудің еңбектерінің маңызды бөліктерін көшіріп алу немесе қайта пішімдеу (авторлықты көрсетпей) және біреудің зерттеу нәтижелеріне өз құқықтарымды талап ету сияқты әрекеттер. Плагиат – ғалымның халықаралық этикалық кодексінің қағидаларын бұзатын және «Eurasian Physical Technical Journal» журналында қабылданбайтын этикаға қайшы әрекет.
4.4. Жарияланымдардың көптігі, артықтығы және бір мезгілде болушылығы
4.4.1 Жалпы жағдайда, Автор өз қолжазбасын, негізінен бір зерттеуге арналған, түпнұсқа жарияланым ретінде бірден артық журналда жарияламауы тиіс. Бір мезгілде бір қолжазбаны бірнеше журналда ұсыну этикаға сәйкес келмейтін және қабылданбайтын әрекет ретінде қарастырылады.
4.4.2 Жалпы жағдайда, Автор бұрын жарияланған мақаланы басқа журналға жариялауға қарастыруға ұсынбауы тиіс.
4.4.3 Белгілі шарттарды сақтау жағдайында бірнеше журналда мақалаларды жариялау кейбір жағдайларда этикалық болып табылады. Негізгі жұмыстың библиографиясы екінші жарияланымда да ұсынылуы тиіс.
4.5. Бастапқы дереккөздерді тану
Егер авторлар қолжазбаны жазу барысында басқа зерттеушілердің еңбектері, мақалалары, тұжырымдары немесе дәйексөздері мен пікірлерін пайдаланған болса, олар міндетті түрде осы ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасап, дәйексөз мәтінді дұрыс рәсімдеуі тиіс.
Әрқашан басқа тұлғалардың қосқан үлесін мойындау қажет. Авторлар ұсынылған жұмыстың орындалуына маңыздылығы бар жарияланымдарға сілтеме жасауы тиіс. Жеке әңгіме, хат алмасу немесе үшінші тараптармен талқылау барысында алынған мәліметтер, бастапқы дереккөзден нақты жазбаша рұқсат алынбайынша, қолданылмауы немесе ұсынылмауы тиіс.
Құпия көздерден алынған ақпарат, мысалы, қолжазбаларды бағалау немесе гранттар беру сияқты ақпарат, құпия көздерге қатысты жұмыстың авторларынан нақты жазбаша рұқсат алынбайынша қолданылмауы тиіс.
4.6. Жарияланымның авторлығы
4.6.1 Жарияланымның авторлары тек жұмыс идеясының құрылуына, жазуға, орындауға немесе ұсынылған зерттеуді интерпретациялауға айтарлықтай үлес қосқан тұлғалар ғана болуы тиіс. Айтарлықтай үлес қосқан барлық тұлғалар бірлескен авторлар ретінде белгіленуі керек. Зерттеу жобасындағы белгілі бір бағыт бойынша маңызды үлес қосқан қатысушылар осы зерттеуге айтарлықтай үлес қосқан тұлғалар ретінде көрсетілуі тиіс.
4.6.2 Автор зерттеуге айтарлықтай үлес қосқан барлық қатысушылардың бірлескен авторлар ретінде көрсетілгеніне, ал зерттеуге қатыспаған тұлғалардың бірлескен авторлар ретінде көрсетілмегеніне көз жеткізуі тиіс. Сондай-ақ, барлық бірлескен авторлар жұмыстың соңғы нұсқасын қарап шығып, мақұлдап, жариялауға келісім берген болуы қажет.
4.7. Тәуекелдер, сондай-ақ зерттеу объектісі ретінде қатысатын адамдар мен жануарлар
4.7.1 Егер жұмыс химиялық өнімдерді, процедураларды немесе қондырғыларды пайдалануды көздесе, олардың пайдалану кезінде ерекше тәуекел туындауы мүмкін жағдайда, Автор бұл туралы қолжазбада анық көрсетуі тиіс.
4.7.2 Егер жұмыста зерттеу объектісі ретінде жануарлар немесе адамдар қатысуы көзделсе, авторлар қолжазбада зерттеудің барлық сатыларының зерттеу ұйымдарының заңнамасына және нормативтік құжаттарына сәйкес келетінін, сондай-ақ тиісті комитеттермен мақұлданғанын көрсетуін қамтамасыз етуі тиіс. Қолжазбада зерттеу объектісі болған барлық адамдардан ақпараттандырылған келісім алынғаны айқын көрсетілуі керек. Жеке өмірдің сақталуына қатысты құқықтарды үнемі сақтау қажет.
4.8. Ашықтық саясаты және мүдделер қақтығысы
4.8.1 Барлық авторлар өз қолжазбаларында жұмыста көрсетілген нәтижелерге немесе қорытындыларға ықпал еткен деп қабылдануы мүмкін қаржылық немесе басқа да мүдделер қақтығыстарын ашық көрсетуге міндетті.
4.8.2 Ашық көрсетілуі міндетті потенциалды мүдделер қақтығыстарының мысалдарына жалдау негізіндегі жұмыс, кеңес беру, акционерлік меншік, гонорар алу, сараптамалық қорытынды ұсыну, патентке өтініш беру немесе патентті тіркеу, гранттар және басқа қаржылық қамтамасыз ету жатады. Потенциалды мүдделер қақтығыстары мақаланың жариялануынан бұрын мүмкіндігінше ертерек ашылып көрсетілуі тиіс.
4.8.3 Егер «Eurasian Physical Technical Journal» журналында жарияланған мақалада ғылыми этика қағидалары, стандарттары және нормаларын бұзу туралы дәлелді факт(лер) анықталса, редакция сол мақаланы жарияланған нөмірден және журналдың ресми сайтынан, автор(лар) тарапынан нақты қағидалардың бұзылғанын міндетті түрде көрсетумен бірге алып тастауға, сондай-ақ келесі нөмірде сәйкес хабарламаны орналастыруға құқылы.
4.8.4 Мақалада ғылыми этиканың қағидалары, стандарттары және нормаларын бұзу туралы дәлелді факт анықталған жағдайда, соның ішінде мүдделер қақтығысының болуы, осындай мақаланың авторлары келесі 5 (бес) күнтізбелік жыл ішінде «Eurasian Physical Technical Journal» журналында мақалаларды ұсынуға құқығы жоқ. Осы мерзім ішінде редакция сол авторлардың қолжазбаларын дереу қабылдамауға құқылы.
4.9. Жарияланған мақалалардағы айтарлықтай қателіктер
Егер Автор жарияланған жұмыста айтарлықтай қателіктер немесе дәлсіздіктерді анықтаса, ол бұл туралы «Eurasian Physical Technical Journal» журнал редакторына хабарлап, жарияланымды мүмкіндігінше тез арада алып тастау немесе қателіктерді түзету мақсатында редактормен ынтымақтастықта жұмыс істеуі тиіс. Егер редактор немесе Баспагер үшінші тараптан жарияланымда айтарлықтай қателіктер бар екендігі туралы ақпарат алса, Автор міндетті түрде жұмысты алып тастауға немесе қателіктерді мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде түзетуге тиіс.
Баспаның Міндеттері
5.1 Баспагер «Eurasian Physical Technical Journal» журнал редакторлары, рецензенттері және авторларының берілген талаптарға сәйкес этикалық міндеттемелерін орындауға ықпал ететін қағидалар мен процедураларды ұстануы тиіс.
5.2 Баспа жарияланатын материалдардың этикалық аспектілеріне қатысты талаптарды қарастыру кезінде Eurasian Physical Technical Journal редакторларына қолдау көрсетуі тиіс және, егер бұл редакторлардың міндеттерін орындауға ықпал етсе, басқа журналдармен және/немесе баспалармен өзара әрекеттесуді жеңілдетуге көмектесуі тиіс.
5.3 Баспагер зерттеулерді жүргізудің дұрыс тәжірибесін қолдауы және этикалық ұсыныстарды, жарияланымды қайтарып алу және қателіктерді түзету процедураларын жетілдіру мақсатында салалық стандарттарды енгізуі тиіс.
5.4 Баспа қажет болған жағдайда тиісті мамандандырылған құқықтық қолдауды (келісім немесе кеңес беру) қамтамасыз етуі тиіс.
Бөлімдегі ақпарат Elsevier ғылыми және медициналық әдебиеттер баспагерінің материалдары (http://health.elsevier.ru/attachments/ editor/file/ethical_code_final.pdf; Elsevier баспасы-https://www.elsevier.com/ https://www.elsevier.com/) және жарияланым этикасы бойынша Халықаралық комитетінің (COPE): (http://publicationethics.org/resources; COPE - http://publicationethics.org/ материалдары бойынша дайындалған.