Рецензиялау

Eurasian Physical Technical Journal редакциясына келіп түскен және рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес келетін, плагиат жүйесі арқылы тексеру нәтижелері бойынша материалдың түпнұсқалылығы 75% және одан жоғары құрайтын ғылыми мақалалардың қолжазбалары рецензиялауға жіберіледі.

  1. Eurasian Physical Technical Journal журналының редакциясына түскен бүкіл ғылыми мақалалар міндетті түрде қос «бір жақты соқыр рецензиялаудан» өтеді (қолжазба авторлары рецензенттерді білмейді). Мақалалардың рецензиялауы рецензияланатын қолжазба тақырыбы бойынша ғылыми мамандануы бар жетекші отандық және шетелдік ғалым-мамандар қатарынан шақырылған рецензенттер жүзеге асырады. Мақалаға сараптама жүргізу үшін рецензентті таңдау туралы шешімді Бас редактор қабылдайды. Арнайы шығарылымдарды дайындау кезінде Шақырылған редактор рецензенттердің кандидатураларын Бас редактормен бірге алдын-ала келісе отырып, тағайындай алады. Рецензиялау мерзімі 2-4 апта, бірақ рецензенттің өтініші бойынша оны ұзартуға болады.
  2. Егер қолжазба авторының (авторларының) басқа ғалымдармен мүдделер қақтығысы болса, олар бұл туралы Қосымша хатта көрсетуі керек. Қазіргі таңда қолжазбаны жіберу кезінде авторлар (хат алмасуға жауапты автор) сондай-ақ «қалаусыз» рецензенттерді көрсетуі мүмкін. Редактор бұл ақпаратты пайдалануы да, пайдаланбауы да мүмкін, бірақ мұндай ұсыныстар объективті рецензиялау үдерісін қамтамасыз етуге ықпал ететін тәсіл ретінде құпталады.
  3. Рецензент қолжазба материалдарын қабылдау және түсіндіру барысында айқын мүдделер қақтығысы болған жағдайда, рецензия жасаудан бас тартуға құқылы.
  4. Әр қолжазба оның тақырыбына сәйкес ғылыми маманданған екі сарапшыға бағалауға жіберіледі. Рецензент қолжазбаның негізгі ғылыми критерийлерге сәйкестігін және оның мазмұнының маңыздылығын нақты, объективті және дәлелді түрде бағалайды. Қолжазбаны қарастыру қорытындысы бойынша рецензент мақалаға қатысты негізделген ұсыныстар береді:
    - мақаланы осы түрде жариялануға ұсынылады;
    - мақаланы рецензент көрсеткен кемшіліктер түзетілгеннен кейін жариялануға ұсынылады;
    - мақала басқа маманның қосымша рецензиялауын қажет етеді;
    - мақала қабылданбайды және журналда жариялану мүмкін емес.
  5. Егер рецензияда мақаланы түзету және жетілдіру бойынша ұсыныстар болса, редактор авторға рецензия мәтінін жіберіп, жаңа нұсқасын дайындау барысында оларды ескеруді немесе дәлелді түрде (толық немесе жартылай) теріске шығаруды ұсынады. Авторларға түзету мерзімін авторға өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы хабарланған күннен бастап екі аймен шектеу ұсынылып, бұл уақыт ішінде өңделген қолжазба қайта бағалау үшін қайта жіберілуі керек. Өңделген мақала қайта рецензиялауға жіберіледі.
  6. Егер қолжазба бойынша автор мен рецензенттер арасында шешілмейтін келіспеушіліктер туындаса, сондай-ақ басқа да даулы жағдайларда шешімді Бас редактор қабылдайды. Ол қолжазбаны қосымша рецензиялау үшін үшінші сарапшыға жіберуге құқылы.
  7. Егер авторлар материалдарды қайта өңдеуден бас тартса, олар бұл туралы редакцияны жазбаша немесе ауызша түрде мақаланы жариялаудан бас тартатыны жөнінде хабардар етуі керек. Егер рецензия жіберілген күннен бастап 3 ай өткеннен кейін өңделген нұсқа қайтарылмаса және авторлардан мақаланы қайта өңдеуден бас тарту туралы ешқандай ақпарат түспесе, мақала есептен шығарылады. Мұндай жағдайларда авторларға қолжазбаның қайта өңдеу мерзімінің өтуіне байланысты сайттағы тіркеуден алынғаны туралы тиісті хабарлама жіберіледі.
  8. Қолжазбаны жариялаудан бас тарту туралы шешім рецензиялау нәтижелеріне негізделе отырып қабылданады. Егер екі теріс рецензия болған жағдайда, қолжазба журналда жариялауға қабылданбайды және қайта қарастыруы мүмкін емес. Рецензиялау нәтижелері бойынша редакциялық алқа қабылдамаған мақалалардың материалдары редакция алқасы тарапынан басқа мақсаттарда пайдаланылмайды. Редактор журналдың OJS сайтынан авторларға немесе хат алмасуға жауапты авторға қолжазбаның қабылданбағаны туралы хабарлама жібереді.
  9. Оң рецензияның болуы мақаланы жариялауға жеткілікті негіздеме болып табылмайды. Мақаланы жариялауға қабылдау туралы шешім қабылданғаннан кейін редактор автор-корреспондентті бұл туралы хабардар етіп, жариялау мерзімдері мен авторлардың мәртебесіне байланысты жариялау ақысының шарттарын көрсетеді. Қолжазбаны жариялау туралы қорытынды шешім редакциялық алқа отырысында қабылданып, университет басшылығымен бекітіледі.
  10. Қолжазбалардың рецензиялары журналдың электрондық платформасында электронды форматта үш жыл бойы сақталады. Журнал редакторы тиісті сұрау түскен жағдайда, рецензиялар көшірмелерін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне жібереді.
Loading...