РАДИАЦИЯЛЫ-ТЕРМИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА ҚАҚТАЛҒАН КЕРАМИКАЛЫҚ ЛИТИЙ-ТИТАН ФЕРРИТТЕРІНДЕГІ ЭЛЕКТР ТАСЫМАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.31489/2021No2/18-22Кілт сөздер:
электр кедергісі, ферриттер, агломерация, электронды сәулелер, дән шекаралары, төмен балқитын қоспа.Аңдатпа
Радиациялық–термиялық жағдайларда қақталған ферриттердің Li–Ti керамикалық үлгілерінде электртасымалдаудың зерттеулері жүргізілген. Радиациялық әсерлерді анықтау үшін термиялық жағдайларда қақталған үлгілерінде ұқсас өлшеулер жүргізілген. Дән аралық шекаралардың күйі және жеңіл қорытылатын қоспаның бар болуының қақталатын ферриттердің электрлік қасиеттеріне әсері зерттелді. Радиациялық-термиялық синтездеу кезінде ферриттің электрлік қасиеттері үшін ең маңызды құрылымның қайта құрылуы қақталудың алғашқы кезеңдерінде, оның ішінде қыздыру кезеңінде жүретіні және сұйық фазаның ұнтақтар массиві бойынша таралудың радиациялық интенсификациясымен және дәнаралық шығып кетуімен байланысты екендігі анықталды.