Мақсатты мен міндеттері

Негізгі мақсаты - заманауи техникалық физиканың өзекті мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін және жаңа ғылыми идеяларын кеңінен тарату үшін ғылыми мақалалардың қол жетімді форматында жариялау.

Журналдың міндеттері:

  • ғылыми жетістіктерді насихаттау, ақпарат пен пікір алмасу, заманауи физика мен техниканың өзекті мәселелері бойынша зерттеу нәтижелерін апробациялау үшін форумды қамтамасыз ету;
  • авторларға сапалы және уақтылы редакциялық-баспа қызметтерін ұсыну.

"Eurasian Physical Technical Journal" миссиясы оқырмандардың кең ауқымы үшін іргелі және қолданбалы зерттеулердің жаңа нәтижелерін жариялау арқылы физика және техника саласындағы жаңа ғылыми білімдерді ілгерілетуге елеулі үлес қосуға және зерттеу сапасын жақсартуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жоғары мектеп кадрларын даярлау деңгейін арттыруға ұмтылу болып табылады.

Журналдың бұл стратегиясын редакциялық алқа мүшелері қолдауда, редакциялық алқаға 11 елдің, оның ішінде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Болгария, Латвия, Польша, АҚШ, Тайвань, Өзбекстан, Украина, Чехияның жетекші ғылыми және беделді ғылыми-білім беру орталықтарының белгілі шетелдік және отандық ғалымдар мен мамандар кіреді. 

Журнал құрылғаннан бері әлемнің 27-ден астам елінен 600-ден астам авторлық мақалалар жарияланды.

Loading...